Жазушыға арналған жиын

Жаңа күн

Ұлттық музейде Музей педагогикасы және балалар шығар­ма­шылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи тұлғалар» жоба­сы аясында Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің 85 жыл­дығына орай «Тарихтан тағылым тартқан» атты музейлік дәріс өтті.

Кезекті музейлік дәріс қазақтың өшкенін жаңғыртып, тари­хын қалыптаған дарын иесі Мұхтар Мағауиннің шығар­ма­шылығына арналды. Тарихи роман жанрының дамуына ықпал еткен тау тұлғаның про­за­лық шығармаларына тоқта­лып, оны жастарға насихаттап, білім қорын жетілдіру мақса­тында өткен іс-шара жазу­шы­ның­ рухы ешқашан өлмейтінін біл­дірді.

Әдеби басқосуға «Túrkistan» газетінің бас редакторының орынбасары Тоқтарәлі Таң­жарық, «Alqa» әдеби-мәдени клубының жетекшісі, мәде­ниеттанушы Жанар Таңсық, М.Жұмабаев атындағы халық­аралық колледж сту­дент­тері, А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Алқалы жиын көрнекті қаламгердің жазып кеткен тарихи мұраларын талдап, түсініп, ұрпақ жадына сіңіру, ғибратты ғұмырын кейінге жеткізуді мақсат етеді. Дәріс­керлер жазушының тарихи еңбектеріне тоқталып, романдарына талдау жасады. Сондай-ақ іс-шара барысында қаламгердің өмірі мен қызметі баяндалған бейнесюжет ұсынылып, талантты жастардың орындауында күй тартылды. Қатысушылар тарапынан жазушының шығармаларына қатысты сұрақтар қойылып, іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталды. Алғысхаттар табыс­талып, дәріскерлер жастарға ақжарма тілегін білдірді.