Атырау облысында полиэтилен өндіретін зауыттың алғашқы қадасы қағылды

Жаңа күн

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бүгін Атырау облысында жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіруге қауқарлы зауыттың алғашқы қадасы қағылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің батысында мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөнінде тапсырма берген еді. Осы орайда жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК шетелдік серіктестерімен бірлесе отырып жүзеге асырып жатыр.

Бүгін алғашқы қадасы қағылған жаңа зауыт – елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі ең ауқымды жобалардың бірі болмақ. Оған 7 млрд АҚШ доллардан астам инвестиция тартылған. Құрылысты 2028 жылы аяқтап, 2029 жылы кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.

Асхат Хасенов, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы:

Біріншіден бұл инвестициялар, бұл жерде бізде Қытай, Ресей инвестициялары бар өзіміздің ҚМГмен қосқан кезде. Екіншіден бұл жаңа жұмыс орындары. Құрылыс кезінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс біткен соң 800-ден астам жоғары білікті жұмыс орындары ашылады.

Полиэтилен – тұрмыстық, өнеркәсіптік және медициналық жабдықтар жасауда қолданылатын шикізат. Егер зауыт іске қосылса, әлемдегі өндіріс көлемінің 1 пайызын қамтамасыз етеді.

Бауыржан Асқаров, «Силлено» ЖШС эксплуатация департаментінің координаторы:

Бу крекинг қондырғысы Қазақстанда ешқашан болмаған. Бірінші рет салып жатырмыз. Бұл алдында РФ-да салынған. Сосын АҚШ Формуза қаласында да салынған. Бұның экологиялық жағынан, қауіпсіздік жағынан оған жоба тобымыз өте көңіл бөлді.

Жоспар бойынша кәсіпорын полиэтиленнің 20-дан астам түрін шығарады. Отандық өнімді ішкі нарықпен қатар, Еуропа, Түркия, Қытай және ТМД елдеріне де экспорттау көзделіп отыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт