Эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аишаның үйіне айттап барған әнші Мақпал Жүнісова Аишаға тосынсый жасап , ерекше сыйлық тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова Бүркіт пен Аишаның шаңырағына құр алақан бармай, өзінің бағалы әшкейлерінің бірін және ән жинағын ала барған.
"Жақсы көретін кулоным бар еді. Бриллиант. Соны саған сыйлағым келеді. Қазақы ою-өрнекпен көмкерілген. Өте әдемі. Менің көзімдей көріп, тағып жүр", — деп әнші Аишаға гауһардан жасалған кулонын тарту еткен.
Сондай-ақ әнші Бүркіттің анасы танымал ақын Айша Көпжасароваға да құрмет көрсетіп, шапан кигізген.
Бүркіт пен Аишаның үйіне айттап барған өнер адамдарының арасында Мақпал Жүнісовадан бөлек, Саят Медеу, Мұхасан Шахзадаев бар. Бүркіт келген қонақтарға алғысын айтып, көңілді отырыстың видеосын әлеуметтік желіде бөліскен.
Өз кезегінде Мақпал Жүнісова да жақсы отырыс болғанын жазып, көршілеріне ризашылығын жеткізген.
"Алтын көршілерімнің Бүркітпен Аишаның шаңырағына айттап барып, ата-анасының батасын алып қайттық, Саяттың қоңыр даусымен тіптен жақсы демалдым, аман болыңдар көршілерім!"- — деп жазды Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында.