АҚШ-та тұрғын үйге шағын ұшақ құлады

Жаңа күн

АҚШ-тың Миннесота штатында тұрғын үйге шағын ұшақ құлады, деп хабарлайды 24kz.

Апат орнында өрт тұтанған. Жергілікті NBC News телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиғадан жолаушылар түгел дерлік қаза тапты. Әзірге олардың саны туралы ақпарат жоқ. Бірақ әуе кемесінің 6 адамға шақталғаны белгілі. Ұшақ жерге қарай құлдилап келе жатқанда үйдегі барлық адам қауіпсіз жерге шығарылып үлгерген. Әуе кемесі Айова штатынан Миннеаполис қаласына қарай бағыт алған. Алайда орта жолда басқаруынан айырылып, апатқа ұшырады. Оның нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу басталды.