0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Құрылтайдың 4-отырысында Президент көтерген мәселелер — маңызды. Бұл ел дамуына серпін береді. Өңір тұрғындарының пікірі осындай.
Көптеген кәсіпкерлердің өздерінің табыстарын офшорлық кеңістікке жіберуі, осының бәрі бізді титықтатып бітті, шаруашылығымызды біраз күйзелтті. Сондықтан да біз үлкен сенім артатынымыз, сол салығын, мол табыс тапса, шаруашылығын дөңгелеп жүріп кеткен кәсіпорындардың шынайы болуы. Бұл бір жағынан өзіне де пайдалы, екінші жағынан елге де пайдалы. Сол салық арқылы бюджеттің қалтасы, қоры толатынын да түсініп отырмыз.Қандай жер-су атауы болмасын, ол елдің, халықтың тарихы. Бұл тарихта елдің, халықтың белгілі бір кезеңдеріндегі атаулары жатыр. Сондықтан, жер-су атауларын берген кезде тарихи атаулардан гөрі елдің, жердің, табиғатты суреттейтін әдемі-әдемі атауларды беруді ұсынды. Менімше, бұл өте қолдайтын, құптарлық іс. Құрылтайдың негізгі мақасты да осы ғой деймін.
Әлеуметтік желіні дұрыс пайдаланбауымыздың арты үлкен қауіп-қатерге алып келуі мүмкін. Себебі әлеуметтік желідегі біздің пікіріміз, жазбамыз ол біздің бейнеміз болып табылады. Және ақпараттың рас не жалғанын анықтап алуымыз қажет. Себебі қазір пікір өте көп. Қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін білу, ажырату қиын.
Серік Жұмабек