Әлеуметтік желіде бет-жүзін қара ниқабпен жауып алған төрт адамның Қазақстан туын ұстап тұрған суреті тарады. Қазақстан туының жоғарғы бөлігінде діни символика мен арабша жазу бар.
Атырау облысының полиция департаменті "Азаттық Азияға" ақпаратты растады.
"Мемлекеттік рәмізді қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық күдікті анықталып, полицияға жеткізілді" — деді ведомство өкілдері.
"Мемлекеттік рәмізді қорлау" бабы (Қылмыстық кодекстің 372-бабы) 3 мың АЕК-ке дейін (23 мың доллардан астам) айыппұл немесе қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасын қарастырады.
Дереккөзі: Азаттық радиосы