Бангкокта жер сілкінісінен алып ғимарат құлады: үйінді астында ондаған жұмысшы қалған

Жаңа күн

Бангкокта бірнеше рет қайталанған күшті жер сілкінісінен кейін алып ғимарат құлап, үйінді астында кем дегенде 43 адам қалған, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бангкоктағы алып ғимарат бірнеше секундтың ішінде жермен-жексен болған.

Қаланың шұғыл қызметтерінің мәліметінше, құлаған ғимарат Чатучак саябағында орналасқан. Нысанда шамамен 50 адам болған.

Ұлттық шұғыл медициналық көмек институтының мәліметінше, құлаған ғимарат үйіндісінің астында 43 адам қалған, тағы жеті адам жарақат алған.

Кейін CNN редакциясының Таиланд билігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ғимараттың опырылуынан бір адам қаза тауып, тағы 50 адам жарақат алған.