1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Жаңа күн

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеп үлгеруі керек. Мемлекеттік кірістер комитеті міндетті төлемнің мерзімі 1 сәуірде аяқталатыны туралы тағы ескертті. Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz порталында немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында есептеуге болады. Сондай-ақ төлем мөлшері азаматтарға екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасы арқылы жіберілді.

Оңғар Алпысбайұлы