0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел басшыларының былтыр Қазақстан мен Арменияға жасаған сапарлары өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға айтарлықтай серпін бергенін атап өтті. Сондай-ақ еліміз Бейбітшілік туралы келісім жобасы бойынша келіссөздердің аяқталып, Ереван мен Баку арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастың жандануын қолдайтынын жеткізді. Ал Арменияның Сыртқы істер министрі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, осыған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланысты ілгерілету перспективасы қарастырылды. Жиын соңында Қазақстан Президенті отандық бизнес өкілдерінің Арменияға тауар тасымалын 350 миллион долларға дейін ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Нұрсұлтан Тілектес