Бүгін Иордания астанасы Амманда әйелдер арасындағы күрестен Азия чемпионаты басталады. Ұлттық олимпида комитеті ел құрамасының Азия додасындағы қарсыластарының тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстандық балуандардың жарыстың алғашқы күніндегі қарсыластары:
- 50 келі, ширек финал: Светлана Анкичева — Ю Лин (Қытайлық Тайбэй) немесе Ти Донг (Вьетнам)
- 53 келі, іріктеу: Зейнеп Баянова — Сон Ён Парк (Оңтүстік Корея)
- 55 келі, ширек финал: Зулфия Яхьярова — Отгонтуи Маянмух (Моңғолия) немесе Ёрим Ли (Оңтүстік Корея)
- 57 келі, іріктеу: Нилуфар Раимова — Нехой Шарма (Үндістан)
- 59 келі, ширек финал: Гүлдана Бекеш — Сарбиназ Жиенбаева (Өзбекстан) немесе Пиол Хон (Солтүстік Корея)
- 62 келі, іріктеу: Тыныс Дүбек — Маниша (Үндістан)
- 65 келі, іріктеу: Гаухар Мұқатай — Дю Тон Лаи (Вьетнам)
- 68 келі, ширек финал: Ирина Казюлина — Зелу Ли (Қытай)
- 72 келі, ширек финал: Жәмилә Бақбергенова — Сехи Ким (Оңтүстік Корея)
- 76 келі, ширек финал: Эльмира Сыздықова — Ми Янг Ким (Солтүстік Корея)
Айта кетейік, балуан қыздардың бозкілемдегі бәсекесі Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады.