Мереке күндері Бурабай курортына 40 мың адам барған

Жаңа күн

Наурыздың 21-25 күндері аралығында «Бурабай» ұлттық паркіне кіреберістегі бақылау-өткізу бекеттері арқылы шамамен 40 мың адам және 11 910 автокөлік өтті. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп жазады Egemen.kz.

Тұрғындар мен қонақтар үшін биыл 21 наурызда мерекелік шаралар Визит-орталық пен Қазақ Лапландиясының аумағында өтсе, 22 наурызда мерекелік думан курорттың орталық алаңында жалғасқан.

Туристер үшін ең танымал орындар қатарында Абылай хан алаңы, Визит-орталық жанындағы зообақ, Мультимедиялық интерактивті кешен және Бұғы шаруашылығы бар.

Көктем – Бурабайда баяу серуендер жасап, көл жағасында пикник ұйымдастырып, курорттың ерекше сұлулығын тамашалауға таптырмас маусым.

фото

Айта кетсек, 2024 жылы «Бурабай» ұлттық паркіне 1 миллионнан астам турист келген екен.