Жаңа 2025 жылы мемлекеттің тұрғын үй саясаты түбегейлі реформаланады.
Осы аттас заң өмірге жолдама алды.
Тұңғыш рет барлық өңірдегі баспанаға мұқтаж тұрғындарды кезекке қоюды, олардың арасында тұрғын үйді бөлуді орталықтандырылған түрде, бір жерден жүзеге асыратын республикалық ұйым пайда болады, жаңа институт құрылады деді. Ол қандай ұйым, нендей институт? Үй кезегіндегі көптеген адамкезектен одан шығарып тасталады. Өзге де жаңалығы жетерлік.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Қарахан Қаби
1. Өткен жылы. яғни 22 қарашада Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң қабылданған болатын иә, енді осы заң қабылданғаннан бері оның нақты іске асырылуы қалай жүріп жатыр? Қандай тетіктер енгізілді және олар қазіргі тұрғын үй мәселесін шешуде қаншалықты тиімді деп айта аласыз?
2. Заң аясында жергілікті атқарушы органдар мен “Отбасы банк” қандай роль атқарады, яғни қандайды функцияларды орындайды. “Отбасы банк” тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын іске қосуға қаншалықты дайын?
3.осы күнге дейінгі кезекте тұрған адамдар енді не істейді? Қарапайым азаматтар үшін тұрғын үй алу рәсімі жеңілдей ме?
4. Жүйені толыққанды жүзеге асыру үшін қандай техникалық және ұйымдастырушылық шаралар қабылдануда? Қазіргі таңда қандай қиындықтар бар?