Сегіз боксшымыз әлем кубогына аттанды

Жаңа күн

Бірер күннен кейін Бразилияда былғары қолғап шеберлері арасындағы жаңа форматтағы жарыс болады, деп хабарлайды 24kz.

Оны World Boxing ұйымы енгізіп отыр. Әлем кубогі деген жалпы 4 кезеңнен тұратын кешенді жарыс және оның алғашқысын осы Бразилия қабылдайды. Тағы бір ерекшелігі – жекпе-жектер World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша болмақ. Сонымен, байрақты бәсекеде ел намысын Нұрсұлтан Алтынбек, Талғат Сырымбетов, Диас Молжігітов және Даниял Сапарбай сияқты тәжірибе бокшылар қорғайды. Бұған қоса, Нұрзат Оңғаров, Алмат Абдуали, Дархан Дүйсебай, Дәулет Төлемісов сияқты жастар да бар. Оларға да керемет мүмкіндік беріліп отыр. Бразилиядағы әлемдік аламан 6 сәуірге дейін жалғасады.