0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Елімізде 30 мыңнан астам адам құлақ мүкістігіне шалдыққан. Оның 6 мыңнан астамы бала. Дәрігерлер инфекциялық құлақ дерті мен туабітті кереңдік көбейгенін айтып дабыл қағып отыр. Дерттің дендеуіне не себеп? Динара Жарқынбек тарқатады.
34 жастағы Әйгерімнің 5 жыл бұрын есту қабілеті нашарлай бастаған. Дәрігерге қаралғанымен нақты диагнозды ешкім қоя алмаған. Жағдай ушығып, ол есту қабілетін 60 пайызға жоғалтыпты. Тек биыл ғана аурудың қарапайым тұмаудан басталғанын білген.
Әйгерім Сыздықова, қала тұрғыны:
Ауруханаға барғанда антибиотикпен емдеп береді, шамалы уақыттан кейін ол басылады. Бірақ уақыт өте келе құлақ естуінде бұзылыс болады екен. Ақырын-ақырын әр ауырған сайын аз-аздан естімей қаласың. Менде 60 пайызға дейін естімеу болды.
Құлақтың естімеуі көбінде тұмаудың асқынуынан болады. Яғни инфекция мұрын жолдары арқылы өтіп, дыбыс жолдарын зақымдайды дейді, лор дәрігер.
Медет Елтайұлы, оториноларинголог дәрігері:
Аптасына 40 операция жасайтын болсақ, сол 40 операцияның 15-і құлаққа жасалады. Ол – өте үлкен көрсеткіш. Тек қана біздің аурухананы алып жатыр. Қала бойынша қаншама жасалып жатыр. 2050 жылға дейін 2 млрд адамға дейін деген болжам бар.
Дәрігерлердің сөзінше, соңғы уақытта құлағы ауырып келетіндер көбейген. Бұл дерт балалар арасында да дендеген. Елде жыл сайын, орта есеппен 400 мың нәресте дүниеге келсе, соның 400-ден астамы құлақ мүкістігімен туылады. Қазіргі таңда туа бітті таскерең ауруымен 6000-нан астам бала тіркеуде тұр.
Майра Боранбайқызы
Кереңдікпен туылатын негізгі себептері ол 80 пайызға біздің тұқым қуалаушылық факторларға байланысты екен. Ал қалған жағдайларда бұл құрсақішілік жағдайларға байланысты, яғни жүкті әйелдің сыртқа факторларға оның жүктілік кезіндегі ауруларына байланысты немесе созылмалы инфекцияларға байланысты деген тұжырымдамалар бар.
Туа бітті кереңдік көбіне тұқым қуалайды. Алайда соңғы жылдары жағдай өзгерген. Қыз-келіншектер жүктілік кезінде және оған дейін де антибиотиктерді шамадан тыс қолданады. Ал дәрінің кей компоненттері ағзада сақталып қалады. Салдарынан жатырдағы баланың дамуы тежеледі, дейді балалар лоры Алмат Ұланбекұлы.
Алмат Ұланбекұлы, қалалық балалар ауруханасының лор-хирург дәрігері:
Одан басқа қазіргі қоғамдағы ең үлкен мәселенің бірі – соционалды антибиотика терапияның жоқтығы. Беталды антибиотикалық терапиямен айналысу. Яғни қазіргі біздің қоғамда антибиотиктер көп қолданылады ғой. Сол антибиотиктар әсер етеді. Яғни жаңағы есту нерві зақымдануы мүмкін.
Бүгінде сурдологиялық қызметтің арқасында 30 мыңға жуық адам құлақ мүкістігімен ауыратыны анықталды. Дәрігерлер диагноз неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым толық жазылып кету мүмкіндігі жоғары дейді.
Динара Жарқынбек