0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ақ үй әкімшілігі Йемендегі хуситтерге шабуыл жасау туралы талқыланған жабық чатқа The Atlantic басылымының бас редакторын байқамай қосып жіберген. Бұл туралы ақпаратты Джеффри Голдберг есімді журналистің өзі бастап жазды. Голдберг наурыздың 13-де АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майк Уолтцтан Signal мессенджеріндегі жабық чатқа шақырту алған. Бұл чатта Трамп әкімшілігінің өкілдері көтерілісші хуситтерге қарсы кезекті шабуылды талқылаған. Журналистің айтуынша, онлайн чатта АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет, Таяу Шығыс бойынша арнайы өкіл Стив Уиткофф, вице-президент Джей Ди Вэнс және Майк Уолтц болған. Журналист басында сенбеген. Кейін чаттың мақсатын түсінген соң шығып кеткен және Уолтц пен Хегсетке хабарлаған. Қауіпсіздік бойынша сарапшылар Америка әкімшілігінің құпия ақпаратқа қатысты іс-әрекетін сынға алып отыр. Бұған қоса Signal мессенджерін әскери операцияларды үйлестіру үшін қолдану федералдық заңдарды бұза ма, жоқ па, осы жағы тексеріліп жатыр.
Арай Төлегенқызы