Мәдениет және өнер саласындағы білім беру мәселелері бойынша сарапшылар кездесуі өтеді

Жаңа күн

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет және өнер саласындағы білім беру мәселелері бойынша сарапшылар кездесуін өткізетінін естеріңізге саламыз.

Министрлік шығармашылық білім сапасын арттырудың жаңа тәсілдері мен әдістерін іздеуге, бастауыштан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға, шығармашылық білім беру ұйымдарын кадр даярлау жүйесіне біріктіруге, халықаралық тәжірибе алмасып, кәсіби кадрларды даярлауға қатысты басқа да мәселелерге қызығушылық танытады.

Осы бағытта жұмыс тәжірибесін бөлісуге және жоспарланған кездесуге сарапшы немесе спикер ретінде қатысуға шақырамыз. Кездесу 2025 жылғы сәуір айының бірінші он күндігінде өтеді.

Қатысу туралы ақпаратты (аты-жөні, лауазымы, баяндама тақырыбы, байланыс деректері) төмендегі электронды пошта мекенжайларына жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Байланыс телефондары: 74-03-05, 74-10-72.