Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті (видео)

Жаңа күн

Александр Лукашенко ресми түрде Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті. Бүгін 1100 адам шақырылған ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Беларусь президентінің ресми сайтында хабарланғандай, ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайындағы ең үлкен салтанат залында өтті.

"Рәсімге 1100-ден астам адам шақырылды. Александр Лукашенконың келуіне бірнеше минут қалғанда Беларусь Республикасы президентінің мемлекеттік туы мен штандарты әкелінді.

Содан кейін салтанатты марш дыбысы аясында ұлықтау рәсімі алаңына Конституция әкелінді. Рәсімді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко ашып, Беларусь халқының қалауына сай еркін әрі демократиялық сайлау жағдайында Александр Лукашенко ел президенті болып сайланғанын мәлімдеді", — делінген хабарламада.

Александр Лукашенко беларусь тілінде ант берген.

Еске салайық, Беларусь президентінің сайлауы 26 қаңтарда өтті.