Ұлттық құрылтай жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Жаңа күн

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы шеткері жатқан елді-мекендердің ахуалы ел іргесінің бекем болуына тікелей әсер ететінін айтты. Стратегиялық маңызы бар мәселеге баса назар аударып, жұмысты жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды. Ел тұрғындары да осы және өзге де өзекті тақырыптарды талқылап жатыр.

Алдағы уақытта үкімет осы шекаралық аймақтардағы ауыл аймақтарға деген көзқарасын өзгертсе және де сол жердегі жергілікті халықтардың үдере көшуін тоқтатып, керісінше сол аймақтарға, ауылды елді мекендерге халықты көшіруге ықпал жасауы қажет. Ұлттық қауіпсіздік жағынан есептесек те шекаралық аймақтардағы халықтың көбеюіне аса қатты мән бөлген жөн

Жергілікті деңгейдегі атқарушы органдардың демократиялық өсу жағынан қолға алынған нәрсе деп ойлаймын. Екінші жағынан саяси партиялардың тек республикалық деңгейде ғана емес жергілікті маңызы бар органдарға да ықпалы артады деп ойлаймын алдағы уақытта.

Президенттің «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттын қас жауы» деген ойшылдың сөзін тілге тиек етіп, қазір қоғамда мемлекеттік идеология жоқтығы туралы ғалымдар айтқан қоғамдық пікір бар. Сол қоғамдық пікірге нүкте қойылды деп есептейміз осы құрылтайда. Президентіміз ұлттық идеология мәселесі жөнінде айтып, соның жобасын жасауды тапсырған болатын.

Мәдина Нағашыбай