Газада кейінгі 2 жылда қақтығыс құрбандарының саны 50 мыңға жетті

Жаңа күн

Газа секторындағы қақтығыс құрбандарының саны кейінгі 2 жылда 50 мыңға жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ал ауыр жарақат алғандар саны 100 мыңнан асады.

Израиль мен ХАМАС арасында кейінгі 2 айда келісім орнаған болатын. Оның мерзімі аяқталған соң, Израиль Газаға шабуылды қайта бастап, бір күнде 41 палестиналық қаза тапты. Қазір Газа секторының солтүстігі мен орталық бөлігіндегі тұрғындарға қауіп төніп тұр. Өйткені ЦАХАЛ жердегі операция қайта басталғанын жариялады.