Ақылы мен таланты ұштасқан Асанәлі

Жаңа күн

«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – Асанәлі Шортабаев. Ол № 63 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы. Ерекше білім беруді қажет ететін бала бола тұра жаңа мектепке тез үйреніп кетті. Асанәлі неміс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 5 тілде сөйлей алатын баланың талантына тәнті болған ұстаздары мақтап, мәртебесін өсірді. Міне, дәл сол сәттен бастап құшақ жая қарсы алып тұрған білім ордасын Асанәлі де жатырқамай жап-жақсы қабылдап, сыныптастарымен қатар білім алып жүр.