Биыл Еуропада қыс әдеттегіден жылы болды. Climate Central ұйымының ғалымдары кейінгі зерттеуінде осындай тоқтамға келді.
Бұл туралы Euronews жазды. Зерттеушілер өткен жылдың желтоқсаны мен биылғы ақпан аралығында ауа температурасын бақылаған. Нәтижесінде Кәрі құрлықта қыс жылы болғанын анықтады. Аймақтағы 43 елдің 42-сінде осындай өзгеріс тіркелген. Әсіресе, Норвегияда мұндай күн райы 1,5 айға созылған. Литва, Латвия, Эстония, Финляндия сияқты Шығыс Еуропа елдерінде де күн жылы болған.