Ұлттық құрылтай жаңа бастамалар мен мүмкіндіктерге жол ашады

Жаңа күн

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ұлттық құрылтайда ел Президенті әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірқатар мәселе көтерді. Оның ішінде инфрақұрылымды дамыту және ономастика саласын қайта қарау жөнінде бастамалар ел арасында қолдау тауып жатыр. Бұл өзгерістер аймақтардың әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттық бірегейлікті нығайтуға да әсер етпек.

Қажымұхамет Әбдікұлы, Арқалық қаласының тұрғыны:

Жол деген өмір ғой, тіршілік, тіршіліктің нәрі, көзі, күре тамыры деуге болады. Астанадан кейін қарай қаншама тауарлавр жүреді. Жол деген үлкен күре тамыр. Бұл көптен күткен жолымыз. Кеше айтылғаннан бері Торғай өңірінің адамдары қуанып жатырмыз, бөркімізді аспанға атып. Президенттің аузынан айтылғанынан кейін ол мәселе қалай болғанда да шешіледі, болады дейміз.

Аққали Ахмет, тарих ғылымдарының докторы:

Құрылтайда ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың ономастикалық мәселелер жөнінде көтерген пікірі өте орынды. Себебі бұл қоғамның арасында әр түрлі пікірлер туғызып жатқаны рас. Бір облыстың орталықтарында бір адамның есімі бірнеше рет берілген жағдайлар бар. Сондықтан да ономастикалық комиссияның негізгі бағыты тұлғаларға көше атауларын бергенде өте ойластырылған сол тұлғаның мемлекетке сіңірген еңбегін жоғары деңгейде бағалай отырып беруі керек.

Жанболат Сектай, Қарағанды облыстық Жанболат Сектай, Қарағанды облыстық дін істері жөніндегі басқармасының басшысы:

Бұл ретте біздің облыста да кешенді жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы заңнамаларды қазіргі жағдайға сәйкестендіру бойынша тапсырма берді ұлттық құрылтайда. Енді негізгі құжаттарымызға осы заңнама талаптарына сәйкес өзгеістер енгізіп, осы жат діни идеологияға қарсы жұмыста жаңа серпін болады деген үміттеміз.