Шаңырақ күніндегі шаттық

Жаңа күн

Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңындағы Шаңырақ күніне орай 97 отбасы шаттыққа бөленді . Оларға мұнайлы шаһардағы «Аягөз» және «Модерн» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер берілді.

«Шаңырақ күніне орай бір топ атыраулықты қуан­ту­ды көздедік. Өйткені әр отба­сы­ның бақуатты тұрмысы мен қуанышының ұшқыны тұрғылықты мекенінен бас­тау алады. Жаңа пәтер үлкен өмірге бетбұрыстың алғашқы қадамы, шаңырақтың түтіні мен ұрпақ сабақтастығының белгісі болғанын қалаймын. Қазақтың «Шаңырағыңнан шаттық арылмасын» деген жақсы тілегі бар. Жаңа бас­панаға қоныс аударған отба­сы­лардың қуанышы ұза­ғы­нан болсын», деді қала әкімі Шәкір Кейкін.

Әкімнің мәліметінше, пәтер кілтін алғандар қатарында көпбалалы 32, тұрмысы төмен 42 отбасы бар. Сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектер, асыраушысы жоқ жалғызбасты аналар, мүм­кіндігі шектеулі бала тәр­бие­леп отырған отбасылар мен зейнеткерлер, ата-ана қам­қор­лығынан айырылған 19 жасөспірім қамтылған.

Жаңа пәтерге ие бол­ған­дар­дың бірі – Ольга Наумец. Атырау қаласының тұрғыны 11 жылдан бері туыстарының үйін паналап келген.

«Біз үшін бүгін – өте ма­ңыз­ды әрі қуанышты күн. Дәл Шаңырақ күні мерекесінде өз пәтерімізге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Ұзақ жыл тұрғын үй кезегінде тұрған жандардың бәріне айтарым, олар да менің отбасым секілді қуанышқа кенелсін», дейді О.Наумец.

Атырау облысы