Атырауда ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

Жаңа күн

Бозкілемде балуандар белдесіп, мықтылар арқан тартысып, ал күштілер қой көтеруден өзара сынға түсті.

Сондай-ақ тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу сияқты ұлттық ойындар да ұйымдастырылды. Мерекенің көркін қыздырған додаға 200-ден астам қала тұрғыны қатысып, мыңнан аса көрермен спорттық сайыстарды тамашалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірде ұлттық спорттың дамуы қарқынды жүріп жатыр.

Асылбек Қалиев, облыстық ұлттық спорт түрлері спорт клубының басшысы:

- Мақсатымыз — ұлттық спорт, бірінші ұлттық нақышымызды таныту, дәріптеу. Бізде қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату деген спортымыз жақсы дамыған. Және де көкпаршыларымыз үнемі Қазақстанда жүлделі орындарда жүр. Асық атуымыз жаман емес. Қазақстан жүлдегерлері бар. Ал бұқаралық спорт түрлерінен қатысушыларды көріп отырсыздар, өте көп.