Зиянды элементтер нормадан 11 есе жоғары: Атыраудағы жағымсыз иістің себебі анықталды

Жаңа күн

Атырау тұрғындары соңғы аптада қаланы жайлаған газ немесе бензинге ұқсаз жағымсыз иіске шағымданып келеді. Әлеуметтік желіде экологияның нашарлағаны айтылып, зиянды газдардың бөлінуене алаңдаушылық білдірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жағымсыз иістің көзін анықтау үшін «Қазгидромет», Атырау мұнай өңдеу зауытының сынақ зертханасы және экология департаментінің мамандары қаланың әртүрлі бөлігінен ауа сынамаларын алды.

Зерттеу нәтижелері көңіл көншітпейді: күкіртсутегі, көмірсутектер және бензол концентрациясы рұқсат етілген шектен 11 есе жоғары.

Экология департаменті қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық нормалардың сақталуын тексеруді тапсырды. Оның қорытындысы бойынша есеп беріледі.