Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-саттық 4 млрд доллардан асты

Жаңа күн

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады. Президент біздің ел АҚШ-ты сенімді серіктес санайтынын және екіжақты сауда айналымының 4 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ ядролық қаруды таратпау, өңірлік қауіпсіздік және экономикалық байланыстағы жетістіктерге тоқталды. Кэрол Миллер Құрама Штаттар әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Шерхан Жамбылұлы