Абай опера театрының масқарасы шықты: Зайытов бетке ұстар театрдың былығын жайып салды (ВИДЕО)

Жаңа күн

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Алматыдағы танымал театр ғимаратын жалға беріп жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Зайытовтың сөзінше, Алматыдағы бетке ұстар Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры кіреберісін кешкі корпоратив кештерге ашық түрде жалға беріп жатыр.

Ол ақша қайда кетіп жатыр? Кіммен қандай келісімшарт жасалып жатыр? Неге Абай театрында кешкі сағат 6-дан түнгі сағат 3-ке дейін жеке кештер өтеді? Қандай рұқсатпен қандай заңға негізделген? Қай күні кімнің кеші болғанын сурет-видеосымен көрсете аламын, — деді депутат отырыста.

Ринат Зайытов Қазақстан театрларының жұмысын жүйелендіру, қаржыландыру, кадр мәселесін шешу, білім беру жүйесін дамыту және театрды халыққа қолжетімді ету маңызды екенін қосты. Депутат бұл мәселелер өз шешімін табуы үшін мемлекет пен мәдениет ұйымдары бірлесіп жұмыс істеуі керегін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sn.kz ақпарат порталы (@sn.kz_media)