Қуанышбек МҰҚАШЕВ: Қайтарылған активтер түгел халық игілігіне жұмсалады

Жаңа күн

Өткен жылдың шілде айында «Мемлекетке заңсыз иеленген активтерді қайтару туралы» заң қабыл­данған еді. Аталған құжат әділдікті қалпына келтіріп, ел игілігіне тиесілі ресурстарды мем­лекет меншігіне қайтаруға мүмкіндік берді. Заң аясында қайтарылған барлық актив «Қай­тарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің басқаруына беріледі. Ал қаражат әлеу­меттік маңызы бар нысандардың құрылысына жұмсалатын Арнаулы мемлекеттік қорға аудары­лады. Осы орайда активтердің сатылу рәсімі қайтіп жүргізілетіні, түскен қаражат қалай инвес­ти­цияланатыны және басқа да маңызды мәселелер жөнінде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Қуанышбек Мұқашев егжей-тегжей айтып берді.

– Қуанышбек Жақсы­бек­ұлы, қайтарылған актив­тер қалай сатылады және оларды басқару жүйесі қалай жүзе­ге асады?

– Мемлекеттің 100 пайыз­ қа­тысуымен құрылған Басқарушы компанияның негізгі міндеті – қай­та­рылған активтерді тиім­ді басқару, олардың сақта­луын қамтамасыз ету және сату. Яғни біздің басты мақсатымыз – қайтарылған активтердің ел экономикасына оң әсерін тигізіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қызмет етуі.

Әрбір қайтарылған актив­тің ел дамуына үлес қосуы, заң үстем­дігін нығайтуы және қоғам игілі­гіне жұмыс істеуі маңыз­ды. Сон­дық­тан біз активтердің ерекшелігін, нарықтық жағдайды және олардың эко­номикалық тиімділігін жан-жақты зерттей отырып, әрқай­сы­сы бойынша жеке шешім қабыл­дай­мыз.

Негізгі сату тәсілі – «е-Qazyna» пор­талында электрондық сау­да ұйым­дастыру. Сауда аукцион түрін­де өткізілуі мүмкін. Сонымен қатар актив орналасқан елдің заңна­масына қайшы кел­мейтін басқа да әдістер қа­рас­ты­рылған. Егер активті бір­ден сату мүмкін болмаса, қол­даныстағы ережелерге сәй­кес, баламалы тәсіл­дер қарас­тырылады. Бұл – жалға беру, сенімгерлік басқару немесе өз бетінше басқару. Мыса­лы, қазіргі уақытта біз Астана­дағы «Думан» қонақүй кешенін, сондай-ақ «Жаркент Су» ЖШС мен «Тұлпар» ЖШС-дағы үлес­терді басқарып отырмыз.

Жалға беру кезінде, сату сәтіне дейін бұл активтер тұрақты табыс әкеледі. Ал активтер кәсіби менеджерлерге сенімгерлік басқаруға берілсе, олардың бас­ты міндеті – активтің құнын сақтау және мүмкіндігінше арттыру, сондай-ақ болашақ сатып алушылар үшін оның тартымдылығын арттыру.

2025 жылдың 14 наурызына дейін басқарушы компания­ның ба­ла­нсына тұрғын үй және ком­мерциялық жылжымайтын мүлік, заң­ды тұлғалардың жар­ғылық капи­талындағы үлес­тер, жер учас­келері, тауар-мате­риал­дық құн­ды­лықтар мен негізгі құралдар түрін­дегі 73 актив, сондай-ақ 196 дана зер­герлік бұйым қабылданды. Актив­тердің жалпы құны – 100,4 млрд теңге.

Активтерге жер учаскелері, тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік, өндірістік базалар, акциялар мен заңды тұлға­лар­дағы қатысу үлестері, сондай-ақ тауар-материалдық құндылықтар кіреді. Негізі­нен, бұл активтер Қазақстан аума­ғында орналасқан.

Қайтарылған активтерді сатудан түскен қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі.

– Ендеше, осы уақытқа дейін бас­қарушы компания Арнаулы мем­ле­кеттік қорға қанша қара­жат аударды?

– 2025 жылғы 14 наурыздағы жағ­дай бойынша Арнаулы мемлекеттік қорға 16,5 млрд теңге аударылды. Оның ішінде 15,8 млрд теңге – активтерді сатудан түскен қаражат, ал 0,7 млрд теңге – активтерді бас­қару­дан (жалға беру, сенімгерлік бас­қару, кепілдік жарнаны депозитке орна­ластырудан түскен қаражат, дивидендтер) алынған кіріс.

Президент Жолдауында қай­тарылған активтер халық игілігі үшін пайдаланылуға тиіс деген тапсырма берілген. Бұл қаражат жергілікті атқарушы орган­дарға әлеуметтік нысан­дардың құ­ры­лысын қаржыландыруда маңызды негіз әрі қолдау болады.

– Әлеуметтік нысандар қалай ірік­теледі және осы қордан қан­дай жобаларға қаражат бөлінді?

– Ең алдымен, біздің компания әлеуметтік жобаларды тікелей іріктеумен немесе жүзеге асырумен айналыспайтынын атап өткен жөн. Алайда біз қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударатын болғандықтан, олардың қалай пайдаланылып жатқанын мұқият қадағалап отырамыз. Қаржыландыру мен жобаларды іске асыру туралы барлық ақпарат ресми ресурс­тарда, соның ішінде Премьер-министрдің сайтында ашық түрде жарияланған.

Заңнамаға сәйкес, Арнау­лы қордың қаражаты ден­сау­лық сақтау, білім беру, бұқа­ра­­лық спорт және басқа да сала­­­лардағы әлеуметтік және инфра­құрылымдық нысан­дар­дың құ­ры­лысына бағытталады. Әрбір жоба міндетті түрде эко­но­мика­лық сараптамадан өтеді, содан кейін оның қаржыланды­руы Рес­­­пуб­­­ликалық бюджеттік комис­­­­­сия­ның (РБК) шешімімен бекітіледі.

РБК шешімдеріне сәйкес, қордың қаражаты әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бөлінеді. Сонымен қатар бөлінген қаражат көлемі мен жобалар туралы барлық ақпарат Үкі­­­мет­тің ресми сайтында жа­рия­­­ла­нады, бұл қаражаттың пай­­да­ланы­лу ашықтығы мен есеп­­тілігін қамта­ма­сыз етеді. Яғни кез келген азамат осы ақпа­рат­қа қол жеткізіп, мемлекет қар­жысының қалай инвестицияланып жатқанын бақылай алады.

Қаражат ең алдымен, әлеу­мет­­тік инфрақұрылымды дамы­­туға жұмсалады. Бұл – мек­теп­тер, бала­бақшалар, спорт ке­шен­дері, жатақханалар. Дамыған инфра­­құ­рылым өңірлер эконо­ми­касының өсуіне серпін бере­ді, халықтың жұмыспен қам­ты­луына ықпал етеді және қала­лар мен ауылдардың жай­лы­лы­ғын арттырады. Осылайша, аза­мат­тардың өмір сүру сапасы жақсарады.

Айта кететін маңызды жайт – қайтарылған активтерді пайдалану кезінде ашықтыққа ерекше назар аударылады. Барлық кіріс пен шығыс туралы мәліметтер ресми плат­формаларда ашық түр­де орна­ластырылады. Бұл теріс пайда­ланушылықтың алдын алуға және қоғамның мем­ле­кет­тік инс­ти­туттарға деген сені­мін арттыруға мүм­кіндік береді.

– Осы күнге дейін қандай активтерді саттыңыздар?

– 2025 жылғы 14 наурыз­дағы жағдай бойынша бас­қару­шы компания «е-Qazyna» электрон­дық сауда платформасында Қазақ­стан аумағын­да орналасқан 10 актив­­ті сатты. Олардың жалпы құны 11,7 млрд теңгеден асады және негізінен – жылжымайтын мүлік.

Шетелде орналасқан актив­терді сату актив орналасқан елдің заңнамасына сәйкес жүргізі­ле­ді. Шетелдік активтер арасы­нан 2 автокөлік, 2 тұрғын үй және 1 пәтер сатылып, олардың жалпы құны 4,5 млрд теңгені құрады.

Жалпы алғанда, 16,2 млрд теңге сомасына 15 актив сатылды. 48 нысан бойынша (оның ішінде 22 дана зергерлік бұйым) аукционға қатысушылардың болмауына байланысты сауда-саттық өтпеді.

– Алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

– Біздің басты миссиямыз қайтарылған активтерді тиімді басқару арқылы халықтың әл-ауқатының артуына ықпал ету екенін тағы да айта кетейін. Осы бағыттағы жұмысымызды белсенді түрде жалғастыра береміз. Ашықтық пен есептілік басты басымдықтарымыз болып қалады. Біз қоғамды жобалардың іске асырылу барысы және қайтарылған активтердің тиімді пайдаланылуы туралы ұдайы хабардар етіп отырамыз. Қайта­рыл­ған активтерді сату тек әлеуметтік мәселелерді шешіп қоймай, бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына әрі елдегі инвестициялық ахуалдың жақсаруына ықпал етуге тиіс.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгілемескен –

Орынбек ӨТЕМҰРАТ,

«Egemen Qazaqstan»