0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
АҚШ президенті Дональд Трамптың USAID қызметін қысқарту туралы шешімі 8 елге адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы дәрі-дәрмек жеткізуді қиындатты. Гаити, Кения, Лесото, Оңтүстік Судан тәрізді елдерде аталған вирусқа қарсы препарат таусылуға жақын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты.
Агенттіктің мәлімдеуінше, шетелдік көмектің тоқтауынан қызылша мен қызамық бойынша 700-ден аса жаһандық зертханаға да жабылу қаупі төніп тұр. Бұған қоса, Ауғанстанда негізгі медициналық қызмет көрсететін мекемелердің 80 пайызы да қызметін тоқтатуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы