Былтыр қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна гүл мен гүл түйнегін импорттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылы 8,2 мың тонна импортталған гүлдің сомасы 61,2 млн долларды құраған.
Былтыр елімізге гүлдер әлемнің 53 елінен жеткізілген. Бұл қатарда Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдері бар.
Мемлекеттер арасындағы жеке үлес мынадай: Эквадордан — 6,4 мың тонна, Нидерландтан — 2,3 мың тонна, Қытайдан — 1,1 мың тонна, Колумбиядан — 978 тонна және Кениядан — 975 тонна гүл жеткізілген.
Бұл кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне гүл шоқтарын жасауға арналған 1,5 мың тонна гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.