Екі ел арасында деректермен алмасу су тасқыны кезеңі аяқталғанға дейін жалғасады. деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының екі отырысы өтіп, тараптар су қоймаларының жоспарланған жұмыс режимдері туралы дерек алмасып, су қоймаларына су ағыны және трансшекаралық өзендердегі күтілетін су деңгейі бойынша болжамдармен бөлісті.
«Қазіргі уақытта Қазақстанның өзендері мен су қоймаларындағы су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізіліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Су қоймаларында тасқын суды қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін бос сыйымдылықтар қамтамасыз етіледі. Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін Ертіс пен Жайықты қоса алғанда 240 шақырым өзен арнасы тазартылды», деді вице-министр Нұрлан Алдамжаров.