Бокстан Әлем чемпионаты: Қазақстан жалпы командалық есепте 2-орында тұр

Жаңа күн

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер боксынан Әлем чемпионатында қазақ қыздары жеңіс тұғырынан көрінді. Алты қызымыз ақтық айқасқа шықты. Назым Қызайбай алтын алып, қазақтың бұрымды боксшылар арасында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы атанды. Назымның жеңісті жолының ізімен Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева де алтын медаль иеленді. Ал, Виктория Графеева мен Елдана Талипова күміспен күтелсе, Наталья Богданова қоланы қанағат тұтты. Осылайша, боксшы бұрымдылар ел қоржыны 3 алтын, 2 күміс, бір қола медаль салды.

Оңғар Алпысбайұлы