Шымкент әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Жаңа күн

Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасына және білім басқармасына жаңа басшылар тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы лауазымына Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызы тағайындалған.

Гүлназ Төрәліқызы 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жұрын совхозында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және "Тұран-Астана" университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі филолог (қазақ тілі мен әдебиеті), заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы.

2018-2021 жылдары Ақтөбе облысының білім басқармасы басшының орынбасары, 2021-2022 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, 2022-2024 жылдары Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

28 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.

Ал Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы болып Азат Рахымбердіұлы Исламов тағайындалған.

Азат Рахымбердіұлы 1987 жылғы 16 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын Алматы облысы, Талғар қаласы әкімі аппаратының бас маманы лауазымынан бастаған.

2011-2019 жылдары Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы Алматы қаласы бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы.

2019-2020 жылдары Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары.

2020-2023 жылдары Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы тұрғын үйді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы.

2023-2024 жылдары Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы тұрғын үйді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы.

2024-2024 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2024 жылғы 13 наурыздан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы болған.