Жетісуда 336 баланың тұсауы кесіліп, Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді

Жаңа күн

Наурызнама онкүндігі аясында Жетісу облысында бір мезетте 336 баланың тұсауы кесілді.

50-ден астам бүлдіршін Талдықорған қаласында тәй-тәй басса, қалғанадырының тұсаукесер рәсімі аудан, қалаларда өтіп, бейнеконференция арқылы байланысқа шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстандық есепке алу комиссиясына сілтеме жасап.

Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері бұл көрсеткішті ресми тіркеп, қазақтың салт-дәстүр әдет ғұрыптарының ішінде тұсау кесу рәсімінде еліміз бойынша Жетісу облысы жаңа рекорд орнатқанын растады.

"Елімізде және Жетісу өңірінде алғаш рет бір мезгілде 336 баланың тқсау кесер рәсімі өткізіліп, бұл дерек Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді", — деп атап өтті Қазақстандық есепке алу комиссиясының мүшесі Бақытжан Тастүлеков.

Ал, ата-аналар өз бүлдіршіндерінің тұсауын өңір басшыларына, зиялы қауым өкілдеріне, атақты спортшы, өнерпаздарға, ұстаздар мен дәрігерлерге кестірді.