Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 48 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық Назым Қызайбай үшінші рет Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін спортшы өз мүмкіндігін жоғары бағалап, жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырған еді.
"Өте қуаныштымын. Олимпиададан кейін алты ай өтті. Президенттің алдында сөз сөйлегенімде, алдағы додаларда жақсы нәтиже көрсетемін деп айтқан едім. Қаншама жыл еңбектендім. Бұл тек менің жеңісім емес, құраманың жеңісі. Осы жолы барлық жағынан дайындалдық. Қуаныштың көз жасы", — деді Назым жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, Назым Қызайбай финалда ресейлік боксшы Юлия Чумгалаковамен жұдырық түйістірген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)