Былтыр Үкімет тарапынан CodiPlay жобасын мектептерде қолдану туралы тапсырма берілді. Оқушылардың цифрлық дағдыларын арттыруға бағытталған жоба аясында қазіргі кезде оңтүстік астанада 100 мыңнан астам оқушы бағдарламалауды үйреніп , жеке жобаларын әзірлерумен айналысып жатыр.
2021 жылы құрылған білім беру платформасы – CodiPlay қызметінің әлемде 1 миллионнан астам қолданушысы бар. Платформа Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері мектептерінің оқу бағдарламасына енген.
CodiPlay компаниясының Қазақстандағы кеңсесінің директоры Алияр Кадикеновтің айтуынша, қазіргі кезде қаладағы 100-ден астам мектепте оқушылар цифрлық технологияларға бейімделіп, жаңа технологияның қыр-сырын меңгеріп жатыр. Атап өткендей, оқушылар өте алғыр әрі цифрлық жобаларға барынша икемді. Олар 1-сыныптан-ақ алғашқы жобаларын жасап, нәтижесін интерактивті құрылғылар түрінде бақылауға машықтанды.
«Балалар CodiPlay жобасы аясында логика мен алгоритм негіздерінен бастап, жекелеген әзірлемелерді жасауға алғашқы қадамдарды үйренеді. Бағдарламаны қабылдауына, деңгейіне қарамастан, материалды жылдам игеру мүмкіндігі басым. Нәтижесінде оқушылар цифрлық ортаға тез бейімделіп, платформаның интерфейсін оңай меңгеріп, бағдарламалауды жылдам меңгеріп жатыр» дейді ол.
CodiPlay мемлекеттік қызметтермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Нұрғали Тұрымбетовтың айтуынша, жобаның басты мақсаты – оқушыларды цифрландыруға бейімдеу. Бағдарламалау арқылы оқушылар логикалық және креативті ойлауын, жаңа технологиялармен жұмыс істеу қабілетін дамытатын болады. Олардың қатарынан болашақтың IT-мамандары шығатыны анық. Жоба барысынан аңғарылғанындай, оқушылардың цифрлы білімге деген қызығушылығы жоғары. Бірі ойын немесе анимацияға жасауға бейім болса, енді бірі цифрлық әлемнің өзге салаларын игеруге құштар.
Атап өткендей, Президенттің 100 мың IT-маман даярлау тапсырмасына сәйкес CodiPlay сияқты EdTech жобалардың маңызы жоғары. Мұндай компаниялар білім беру технологиялар нарығындағы бәсекелестіктің артуына ықпал етеді. Білім беру өнімдері неғұрлым көп болған сайын, сапалы шешімдердің алға озып шығатыны анық. Сондықтан компания мамандары CodiPlay жобасы арқылы сапалы контент қалыптастырып, оқытуда жоғары тиімділікке қол жеткізбекші.