Шорт-тректен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік төрттікке табан тіреді

Жаңалықтар

Ел намысын кімдер қорғады?

Бейжің қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық қыздар 3 мың метрлік эстафетада А финалында Канада, Польша, Нидерланд құрамаларымен сынға түсті. Мұнда канадалықтар жеңімпаз атанса, Польша екінші, Нидерланд үшінші орынға ие болды.

Қазақстан әйелдер құрамасының финалға шығып, үздік төрттіктің қатарына ілігуін жақсы нәтиже деуге болады. Ел намысын Яна Хан, Ольга Тихонова, Мәлика Ермек және Алина Әжіғалиева қорғады.

Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада финалға шыға алмады. Жартылай финалда қазақстандықтар Канада, АҚШ және Түркия командаларына жол берді.