Ақтауда оқушылар экология тақырыбында эссе жазды

Жаңалықтар

Ақтаулық оқушылар «Қазақстан экологиясын жақсартуға, мен қандай үлес қосамын?» тақырыбында эссе жазды .

Білім сайысына жиырмадан астам бала қатысып, әрқайсысы қоршаған ортаны қорғауға қатысты өз ой-пікірлерін жеткізді. Мәселен, Жаңылсын Болатова есімді оқушы Маңғыстау өңірінде қоқыс сұрыптайтын кәсіпорын ашылуын қалайтынын жазды. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыс авторлары арнайы дипломдармен марапатталды. Айта кетейік, өңір мектептерінде 20 наурыз бен 21 сәуір аралығында «ТазаLike» экоакциясы өтеді. Оның аясында танымдық дӘрістер ұйымдастырылып, оқушылар елді мекендерде ағаш көшеттерін егіп, жылыжайларға саяхат жасайды.

Жаңылсын Болатова, оқушы:

Мен экологияға көп ойымды қосып отырмын. Біріншіден, менің экологияны қорғау себебім ол экожүйеге байланысты. Экожүйе қысқаша айтқанда, Алматы қаласында жақсы дамыған. Сол жайлы мына біздің Маңғыстау жерінде осындай экожүйені дамытсам деген ой болатын. Енді соған өз үлесімді қоссам деген ой.