Есебі мен ебін тапқан елдер туризм арқылы ел экономикасын тіктеп, қазынасына қыруар қаржы түсіруде. Қазақстанның да бұл тұрғыда әлеуеті бар. Көрікті жерден де, көркем табиғаттан да кенде емеспіз. Тек ұршықтай йіріп, икемін таба алмай отырмыз. Былтыр Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақ келді дейді ресми статистика. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енген. Бір жылда 15 млн турист келсе бұл сала қалайша дамымайды деген заңды сұрайық туындайды.