Астанадағы оқушылар сарайында Көрісу күні атап өтілді

Жаңалықтар

Астанада Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Көрісу күні атап өтілді. «Дәстүр» атты марафонға білім басқармасының өкілдері, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының «Аналар мектебі», «Балқадиша» орталығының аналары, ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марафон барысында қазақтың ұлттық бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында хореография, театр және вокал бөлімдерінің қатысуымен қазақтың ұлттық ойындары, салт-дәстүрі мен өнері көрсетілді. Концерттік бағдарламаның соңында шашу шашылып, бауырсақ таратылды.

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген, – деді оқушылар сарайының әдіскері Гульзира Оспанова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)