Амал мерекесі туралы дерек қазақ ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Наурыз ескіше үт жұлдызы мен қамал жұлдызының тоғысуы кезінде пайда болған. Үт айы ескіше – ақпанға, ал қамал — наурыз айына сәйкес келеді. Арабша – амал, парсыша – қамал. Қазақтар амал деп те, қамал деп те атаған. Бұрын наурыздың 13-нен 14-не, ал қазір 21-нен 22-сіне қараған түні келеді. Демек, жер жаңарып, жыл басталғанда тойланатын амал мерекесінің атауы ескіше ай атына, қазіргі наурызға байланысты шыққан. Амал мерекесінің маңызы мен орны айрықша. Қыс құрығы ажырап, жер аяғы босап, құшақ айқастыра амандасатын ағайын бұл күнді «көрісу күні» деп те ерекше ұлықтайды.
Асхат Маемиров, театр режиссёрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
-14 наурыз Орал, Мұғалжар тауларынан басталған, Қазақстанның Батыс аймағындағы географиялық жағдайға байланысты, сол жердегі халқымыздың дәстүр мен мәдениетіне байланысты, ежелгі ғасырлардан бері тойланып келе жатқан мереке. 14 күні таңертең біз бала күнімізден бастап үлкен кісілер туыстарымыздан көшелерді аралап көрісетінбіз.
Зерттеушілер наурызды насихаттаудың жаңа тәсіліне де мән берген абзал дейді. Орталық Азия елдерінен жиналған ғалымдар мен музей мамандары түркітілдес халықтардың этникалық тарихын сақтау жолын талқылады. Мерекеге орай орталық музейде «Шеберлер алаңы» көрмесі де өтіп жатыр.
Нұрхат Иманқұлова, музей қызметкері /Қырғызстан/:
-Наурыз өзі осындай ынтымақтастықтан тұрады. Ал наурызды тойлауда артық айырмашылықтар көп емес. Біз Наурызды сүмелек тағамын пісіруден бастаймыз.