Маңғыстау облысында сот жеке компанияны магистральдық теміржол желісін мемлекеттік меншікке беруді міндеттеді.
Бас көлік прокуратурасы "Каскор-Транссервис" АҚ-ның Маңғышлақ станциясынан Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық теміржол жолдарға заңсыз иелік еткенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол мемлекет меншігінде болуы керек.
"Бұл нысанның стратегиялық маңызын және оларды мемлекет меншігіне қайтару қажет екенін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша Көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді", — деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 14 наурыздағы шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылды.