Қ.Тоқаев: Қазіргі фильмдерді сүзгіден өткізу қажет

Жаңалықтар

Қазіргі фильмдерді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн.

Президент Ұлттық құрылтайда осылай деді. Себебі, бүгінде көрсетіліп жатқан кейбір фильмдерге қатысты қоғам тарапынан сын көп. Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм көрерменге жол тартты. Бұл жақсы үрдіс. Алайда енді санға емес, сапаға көңіл аудару қажет. Зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер де түсірілді. Кино маңызды идеологиялық құрал. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн, деді Президент.

ЦИТАТА:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

Жақында «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильм шығыпты. Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек.