«Дінге бет бұрған»: Әнші Сырым Исабаевтың немен айналысып жүргені белгілі болды (ВИДЕО)

Жаңалықтар

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші Сырым Исабаевқа қатысты сұраққа жауап берді. Арт-директор, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Үсенқызы кезінде сахнаға шығарған Сырым Исабаевқа қатысты сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Мен көп адамның сахнаға шығуына ықпал еттім. Сырым мен Бақыт Алтай болды. Олармен де жақсы жұмыс істедік. “Сырымды құртып жіберді” деген әңгіме тарады. Мен олай адамды жұтып жіберетін анаконда емеспін. Тіпті, Қайрат Нұртастан гөрі Сырымды маған ұқсататын. Біз ешқашанда ұрысып, ренжіскен емеспін. Дауыс көтеріп сөйлеп көрмедім. Қайрат екеуі керемет әндер жазды. Халыққа таралып, тойларға шықты. Бірақ Сырым “Мен жоқ болып кетіп, қайтадан жарқырап шыққым келеді” дегенді жиі айтты. Сосын дінге бет бұрып, намаз оқи бастады. Бизнеске қызықты. Солай өзінің таңдауымен кетті. Адам не айтса сол орындалады екен. Сыйластығымыз үзілген жоқ. Жақында Шымкенттегі біз түскен қонақ үйге келіп, амандасып кетті. Сол кезде өнерге қайтадан келгісі келетінін айтып қалды”, – деді продюсер.

Сондай-ақ продюсер аты шыққаннан кейін өзгеріп шыға келетін өнер өкілдеріне қатысты да пікір білдірді.

“Адам атағы шыққасын өзгеріп сала береді. Тәкаппарлығын көрсетіп, продюсерге бағынбай кететін кезі болады. Кезінде “АльЗаБи” деген топты құрдым. Ғұмыры ұзаққа бармады. Өйткені топ мүшелері бір үйдің еркелері еді. Оның құрамында ұлым Заңғар да болды. Менмендігі басталып, айтқанға көнбейтінді шығарды. Содан “қоя салыңдар” дедім. Әуелде Заңғар топтың құрамында өнер көрсеткім келеді дегесін, құрған едік. Бірақ менің тарапымнан оларға қысым болған емес. Әлі күнге дейін балаларым секілді жақсы көремін”, – деді арт-директор.