Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысын Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын", — деді Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде.
Айта кету керек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт белдеуі мәселесіне нүкте қойғанын жазғанбыз.