«Алаяқтық әрекеттер жиілеп барады»: Тоқаев жұртқа ақыл айтып ақша табатындар көбейіп кеткенін айтты

Жаңалықтар

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында психологтар мен коучтарды назарға алуды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Құрылтай мүшелері тағы бір жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегуде, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста.

Тоқаев айтқандай, ұлтқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кетті.

Бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс, — деп тапсырды Президент.