Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Атырауда өткен жиын мен Бурабайдағы алдыңғы кездесулер арасындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атыраудағы отырыстан кейін арнайы жоспар қабылданып, Парламент депутаттарының қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылық, құмар ойын, нашақорлық, есірткі саудасы және вандализмге қатысты заңдар қабылданғанын айтты.
Сонымен қатар, электронды темекі түрлерін өндіру мен сатуға тыйым салынғанын да атап өтті.
Ол мемлекеттік наградалар қатары мәртебелі атақтармен толықтырылғанын және Ұлттық кітап күні бекітілгенін де мәлімдеді.
Жалпы, былтырғы Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру мақсатында бір жыл ішінде 10 заң дайындалып, олардың 9-ы қабылданған. Биыл құрылтай аясында өңірлермен жұмыс істеу форматы енгізілді, құрылтай мүшелері аймақтарға барып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізуде. Бұл аймақтардағы белсенді азаматтардың пікірлерін ескеруге мүмкіндік берді, – деді Ерлан Қарин.