Сондай-ақ, ол Орта Азия елдері өз арасында визасыз режимді енгізуі керектігін айтты.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шекара мәселесінің шешілуіне қатысты жазған постында Орта Азия елдерінде визасыз режим енгізу қажеттігі туралы ұсынысын айтты.
"Енді Орталық Азия елдері өз арасында визасыз режимді енгізу процесін бастауы керек. Ал басқа елдерден келетін қонақтар үшін Шенген визасына балама болатын бірыңғай виза түрін енгізуі керек. Ол қонақтардың Орталық Азия елдері арасында еркін жүре беруіне мүмкіндік береді", – деді Садыр Жапаров.
Айта кетейік, Орталық Азия елдеріне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан кіреді. Олардың ішінде қазақстандықтар визасыз тек Түрікменстанға ғана бара алмайды.
Оқи отырыңыз: Еуропаның 27 еліне саяхат: Шенген визасын қалай алуға болады?