Бисмиллай Рахмани Рахим.
Хәләмші ілім иесі ретінде айтайын, аруақ – бар, рух – бар! Аруақ болмаса рух қонбайды. Аруақ кім? Өмірден өткен өзіміз сияқты адам. Оның да алдында, артында қалған жазуы бар. Алдындағы жазуы – Алланың жазып қойған тағдыры болса, артында қалғаны – тіршілігіндегі істеген қылықтары.
Ал өлім деген не? Өлім сөйлеп отырған сөздің арасындағы үтір сияқты аз ғана кідіріс, тежелу, ары қарай жалғасатын тіршілік. Жаратқан Ием: «Мен сендердің арттарыңнан кітап ашып қойдым», — дейді «Иа Сиин» дұғасында.
Аруақ – қопарылып шығар адамның тамыры. Өлі мен тірінің тамыры бір. Өлі — нәрді тіріден алады. «Құранды оқыма, аруақ жоқ», — дейтін болсаң, көтерілетін аруақ жаман. Аруақ тыныш жатсын десең, дініңмен бол. Ал рух – Алладан, ол діннің нәрімен қуаттанған. Рух иелері – тірі жанның ең құндысы. Әр рухтың маңдайына жазылған, қасиетті атқаратын Алланың алдында жеткізетін жұмыстары, аманаты бар.
Қазақ о бастан аруақты білген, рухты аруақтары қондыра білген қасиетті халық. Еврей халқының миы қатты істесе, оларға ми қызметінің ерекше дарығандығы. Арабтарда сауда жұмысы өріс алған болса, бұл елге осы қасиет ерекше дарығаны. Басқа халықтарда да осындай ерекшеліктер болса, сол ерекшеліктері ерекше дарығандығы. Осы сияқты біздің қазақ халқына рухты қондыра алатын қасиет ерекше дарыған. Бұл — аруаққа табыну емес.
Қазір біздің елде рух қондырған аруақтар ерекше жұмыс жасап жатыр. Оларды сыйлаған шәкірттері мен ұрпақтары жатқан жерлерінде моласын көтеріп, дуа оқитын бастарына оңды белгілер көтеруде. Мұны жасап жатқандар аруақтарға табынғаны емес, олар жолдан тайған жоқ. Олар өмірден дінімен өткен ұстаздардың зікірін салып жатыр. Ол – жол.
«...Йассауий әулие рухпен рухты қондыра білгеннен кейін ғана жердің астына кетті. Ол Алланың разылығы мен дін үшін кетті. Дін өзіне ғана емес, өзгеге керек екендігін білгесін, Алланың екі дүниеде біздің жанымызда жүргенін дәлелдеу үшін кетті. Ол жарты өмірін жер астында Алламен тілдесуге арнады. Арнады дегенмен де – Алла оған оны арнатты.
Енді осындай әңгімеден соң «Әулие деген кім?» деген сұрақ туады.
Әулие - Алланың досы, Аллаға жақын тұрушы, Алланың мейірімі түскен қамқорлығындағы адам. Әулиеде — Аллаһтың сыйы ерекше биік деңгей бар. Олар — көзбен көрген ғылыми дәлелдің соңын іліми ерекше дәлелде көре білетіндер. Біз қара деп көргенді олар ақ деп, біз ақ деп көргенді олар қара деп жеткізе білгендер. «Жүніс» сүресінің 62-63 аятында: «Әлбетте Аллаһтың әулиелеріне қауіп-қатер жоқ және олар қайғы-қасірет шекпейді. Себебі, олар шын жүректен иман келтірген және олар тақуа болған адамдар», — деп көрсеткен. Демек, әулиелік – тақуа мен ілім иесіне немесе діндар ғалымға бұйырар енші. Мұны қазіргі білімдарлар өздері ойлап тапқан: «Ғылыми ашылған дүние» деп ойлайды. Оның бәрі Құранда тұрғанын айта алмайды. Ол – Алладан таңдалған адам.
Әулиелік адамға сіңіп қалған кәдімгі нұр. Ол отырған жерге де сіңіп тұрады, олар Жаннаттықтар. Үлкен әулиелер қашанда рухтанған әулиелерден, тірісі өліден дәріс алған. Бұл дәлел тақуаларға ғана...».(«Бір бүтін Құран – менің тағдырым», «Қазығұрт» баспасы, 2016ж ).
Алла тағала: «Құранды сақтайтын ұрпақ», — деп жібергендіктен, біздің елден әулие көп шықты. Әулиелік пен әмбиелік басқа елге көп дарымаған. Құранды нақты сіңіріп, таңғы намазын Меккеде, кешкі намазды үйінде оқитын жақсы әулиелер Мелектер аталады.
Ал әмбие әулие деген кім? Әулие дүниенің бәрінен Құдайды көруші болса, әмбиелік сол дүниені бойына сіңдіруші. Көріп, сыйлап, қарапайым өмір сүру, ешкімді ренжітпей, ештеңеге ренжімей, құлшылығын жасап өмір сүру – әулиелік, соны іске қостыра білу әмбиелік.
Қазақ елі мыңдаған әулиелер жатқан жер. Әулиелік пен әмбиелік басқа елге көп дарымаған. Бізде бір Маңғыстау үстіртінде 362 әулие жатыр... Ал: «Сайрамда бар сансыз бап, Түркістанда Түмен бап, бабтардың бабы Арыстанбаб» жайлы әңгімені тарқатар болсақ, Нұхтан бері қарай қазақ жерінде қаншама баб өткенін ой таразысына сала беріңіз.
«Баб — ол біреуден туылған, не біреудің ұрпағы емес, ол көктен келіп, жұмысын істеп кеткен рух. («Арыстанбаб пен Йассауий», «Қызыл кітап» 2, 1047 бет).
«Сахаба — нақты пайғамбардың өзінің тікелей жұмысын жалғастыратын адамдар, ал баб деп сахабаныкін де, періштенікін де, басқа да пайғамбарлар рухтарының да, әулиелердің де арасында өмірге келіп-кетіп жүре алатын қасиет иелерін айтады» (15.02.2016 ж. «Баб пен сахаба туралы», («Қызыл кітап»-1, 249 бет.).
Бұл әңгімені неге айтып отырмын, қазір ілімші ретінде маған мынандай ғайып хабары келіп жатыр. Өзім барып көргенім жоқ, Алла бұйыртса алдымыз жаз, бара жатармыз... Жамбыл мен Алматының ортасында, арғы жағынан 170-180, бергі жағынан 210-330 шақырым қашықтық арасында Құлантөбеде ескі үш қаланың орнында ғалымдар қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. Сол жерде қасиетті 19 әулие моласы жатыр. Сол жерде он тоғыз әулие бар. Үлкен молалар. Сол әулиелер жатқан жерлер маңы қазылып жатыр.
«Құлантөбе» — көктен түскен, Алланың жіберген үш қасиетін қабыл еткен қасиетті жердің бірі. Сол Үлкен молалар қазылып кетпесін деп рухтар күшейіп жатыр. Қасиетті он тоғыз санының қасиеті туралы көктен түскен Төрт кітапта да бар...
Осы қасиетінің дәлелі «Құлантөбеге» кезінде Ғызырдың жердегі тоғыз досының бірі Қабанбай батыр мен жаратылысында жеті қуатпен келіп, 91 әулиенің батасын алып, жұлдызы көкке барып өнген, көрден қазған сөздерін бізге тізіп берген, дінімен болып, дінімен өткен, Жетісудағы жер әлемдегі Ғызырдың үш іліми Тағының бірінің шырақшысы болған Әлмерек абыз да тіршілігінде жиі зиарат еткен. Демек, бұл қасиетті жер ілім иесі Ғызырдың да назарында болған жер...
«Құлантөбеде» жатқан бұл он тоғыз әулие қазір сөзге кіріспейді. Ешкімге тиіспейді. Бірақ бір әулиенің сүйегі шашылса, онда кіріскені... Осыны назарда ұстайық. Ескі үш қаланың орыны қазылып жатыр. Тарихты қазып, білмегенімізді ізденгеніміз жақсы, тарихымыздың шырақшыларының шырағын өшірмегеніміз одан да абзал сауаб.
Бақтыбай Айнабеков,
Ілімгер-жазушы