Қазақстандықтар таксимен жиі жүретін болған

Жаңалықтар

Жоғары көрсеткіш бес ай қатарынан сақталып отыр.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда такси жолаушыларының саны 2,4 есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, осы аралықта таксимен жүрген жолаушылардың саны 20,6 млн адам болған. 2022 жылдан бері мұндай өсім алғаш рет байқалып отыр. Жоғары көрсеткіш маусымдық жағдайларға қарамастан, бес ай бойы сақталып отыр.

"Теориялық тұрғыдан такси қызметіне деген сұраныс маусымдық жағдайларға бағынуы тиіс. Мысалы, кейбір айларда сұраныс жоғары болып, ал басқа уақыттарда төмендеуі керек. Адамдар жаңа жылға дайындалған уақытта таксиге деген сұраныс артып, ал ең төменгі көрсеткіш қаңтарда болады деп күтуге болады. Алайда ай сайынғы динамикаға қарасақ, маусымдық ерекшеліктер әсер етіп отырмағанын көруге болады", — дейді сарапшылар.

Такси танымалдылығының артуына "Яндекс" платформалық жұмыспен қамту пилоттық жобасының аяқталуымен байланысты, дейді бюро. Такси " 2024 жылдың қыркүйегінде.

Сарапшылар такси жолаушыларының саны арнайы формула бойынша есептелетінін айтады.